Дональд Трамп ресми түрде президенттікке үміткер атанды

Автор: Azattyq Rýhy

АҚШ президенттік сайлауы 5 қарашада өтеді

Фото: latimes.com

Бейсенбі күні Республикалық партияның ұлттық құрылтайының соңғы күнінде Дональд Трамп  президенттікке кандидатурасын ресми түрде қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ABC News хабарлауынша, Трамп сенбі күнгі шабуылдан кейін қолдау көрсеткендерге алғыс айтты. Ол Пенсильваниядағы атыс кезінде жиналғандардың үрейленіп қашып кетпегенін атап өтті.

78 жастағы Трамп «қастандықтан аман қалғаны Құдайдың оның жағында» екенін айтты.

Айта кетерлігі, көпшілік снайпердің қайда болуы мүмкін екенін іздей бастады. Ешкім жүгірмеді, соның арқасында көптеген адам аман қалды.

Д. Трамптың сөзі 1 сағат 33 минутқа созылды. Бұл тарихтағы президенттікке ұсынылатын ең ұзақ сөз болды. Бұған дейінгі рекорд 1 сағат 15 минутты құраған, оны 2016 жылы да Д.Трамп орнатқан болатын.

Айта кетерлігі, Барак Обама Джо Байденнің кандидатурасына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Палатаның бұрынғы спикері Нэнси Пелоси демократтар егер ол жарыстан шықпаса, палатаны бақылау мүмкіндігін жоғалтуы мүмкін деп ескертті. Дегенмен, Байденнің сайлауалды штабы сайлаудан бас тартар емес.

Еске салайық, АҚШ президенттік сайлауы 5 қарашада өтеді.