Ұлытау облысында 44 ата-ана жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

24 жасөспірім түнде әр түрлі жерден табылды

Фото: polisia.kz

Ұлытау облысында 44 ата-ана жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түнгі уақытта ата-ананың еріп жүруінсіз үйден тыс жүрген 24 жасөспірім полиция бөліміндеріне жеткізілді. 

Полиция есебінде тұрған 41 жасөспірім, 60-тан аса жайсыз отбасыларда да тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған 7, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 44 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.