Қырғызстанда тағы да сел жүрді

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

Фото: Қырғызстан ТЖМ

Қырғызстанда тағы да сел тасыды деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Әсіресе, Ноокат ауданында қауіп жоғары.

Kaktus Media жазғандай, Қырғызстан ТЖМ сағат 20:15 шамасында Ош облысының Көк-Жар ауылдық округінде Жийде ауылында қатты жаңбыр салдарынан сел тасқыны басталғанын хабарлады.

Ош-Баткен-Разаков тас жолы су астында қалды. Қазір ТЖМ қызметкерлері жолды тазалап, автомобиль қозғалысын ішінара қалпына келтірді.