Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 137,1 мың этникалық қазақ оралды

Фото: gov.kz

2024 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 758 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 137,1 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (49,5%) Қытайдан, 34,7% – Өзбекстаннан, 5,9% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 3,3% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден келген.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.