Павлодар облысында 150-ден астам шетелдік жүк көлігі заңсыз есепке қойылған

Автор: Azattyq Rýhy

Қаржылық мониторинг агенттігі топ мүшелерін тергеуге алды  

Фото: видеодан скриншот

Павлодар облысында шетелдік көліктер заңсыз есепке қойылған. Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылдың жазында екі ай бойы топ мүшелері сыйақы үшін 150-ден астам шетелдік ауыр жүк көлігін есепке заңсыз қойған.

«Олар тіркеу үшін алым төлегені туралы жалған түбіртектерді пайдаланды, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізді, бұл бастапқы тіркеу үшін төлеуден жалтаруға және мемлекетке жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шығын келтірді», - деп хабарлады ҚМА.

Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» және «үй қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.