29 сәуір 22:25-тегі эпидемиологиялық жағдай
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында - 8, Алматы қаласында - 11, Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Павлодар облысында - 5, Атырау облысында - 4, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 621 адам, Алматы қаласында – 937, Шымкент қаласында – 189, Ақмола облысында – 98, Ақтөбе облысында – 65, Алматы облысында – 122, Атырау облысында – 135, Шығыс Қазақстан облысында – 17, Жамбыл облысында – 116, Батыс Қазақстан облысында – 138, Қарағанды облысында – 142, Қостанай облысында – 45, Қызылорда облысында – 187, Маңғыстау облысында – 45, Павлодар облысында – 127, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 124, жалпы 3138 науқас тіркелді», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, Қазақстанда коронавирустан 819 адам жазылып шықты. 25 адам қайтыс болды.