Елордалық полицейлер бейнекамера ұрлығын әшкереледі

Автор: Azattyq Rýhy

Ұрланған зат иесіне қайтарылды

Фото: Azattyq Rýhy

Полицияға 33 жастағы елорда тұрғыны «Sony» маркалы бейнекамерасының ұрланғаны туралы арызданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

«Полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында кеңсеге емін-еркін кіру арқылы, бейнекамераны ұрлап, ақша өндіріп алу мақсатында ұрланған құрал-жабдықты ломбардқа өткізіп тастаған 27 жастағы азаматты анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағынада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұрланған зат иесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.