Бұрын тек 57 елге визасыз режимге рұқсат етілген еді
Таиланд туризм саласын жандандыру мақсатында визасыз режимді кеңітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасай отырып.
Тай экономикасының маңызды бөлігі туризм саласын пандемия кезінде тұралап қалды. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың алты айында елге 17,5 млн адам қыдырып келген. Бұл өткен жылдың сәйкес уақытынан 35 пайызға артық, бірақ пандемияға дейінгі цифрлардан әлдеқайда аз. Туристер негізінен Қытай, Малайзия, Үндістаннан келеді.
Биыл алты айда туризмнен түскен табыс 23,6 миллиард АҚШ долларына жеткен, бұл үкіметтің экономикалық көрсеткішінің төрттен бір бөлігінен аз. Сондықтан Таиланд билігі визасыз режимнің ережелерін қайта қараған. Сондай-ақ елге келген қонақтардан алынатын туристік жарнадан бас тартты.
Кейбір жауапты тұлғалар елдің инфроқұрылымы туристер ағынына шыдас бермей қалуы мүмкін дейді.
«Егер адам көп келсе, оған туризм министрлігі ғана емес бүкіл ел болып дайындалу керек. Егер туристер Таиланд сапарынан жаман әсер алатын болса, бізде оларды тартудың екінші мүмкіндігі болмайды», - дейді Таиландтың туризмді дамыту қауымдастығының президенті Кантапонг Танануангруж.
Кейбір жандар адамдарды ұрлап, Мьянма немесе Камбоджадағы алаяқ орталықтарға жұмысқа жібереді деген қауесеттерден кейін қауіпсіздік мәселесіне алаңдаулы.