Биыл әкімдік қызметкерлері 203 қылмыс жасаған – Антикор

Автор: Azattyq Rýhy

Оған 144 әкімдік қызметкерінің қатысы бар

Фото: istockphoto.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жарты жылдық қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында агенттік төрағасы Асхат Жұмағали өңірлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс туралы айтты. Биыл 144 әкімдік қызметкерінің қатысы бар 203 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мысалы, Алматыда мәдениет басқармасы басшысының орынбасары лауазымын теріс пайдалану, бюджет қаражатын жымқыру және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу аяқталды. Ол 125 млн теңгеден астам залал келтірген. Іс сотқа жіберілді», - деді Асхат Жұмағали.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Ол өкілеттікті теріс пайдаланды деп айыпталып отыр. Оның ішінде кәсіпорындарға оқу ақысын төлеу және отын беру қажеттілігі туралы заңсыз нұсқаулар беру де бар. Күдікті қамауға алынып, іс прокурорға жіберілді.