Париж-2024 формасы: испан маркасы тіккен киім Тамара Дүйсенованың көңілінен шықты

Автор: Azattyq Rýhy

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді

Фото: видеодан скриншот

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Париж Олимпиадасына қатысатын ұлттық құраманың формасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әркімге өз формасы ұнайды, бізге өз формамыз ұнайды», - деді Тамара Дүйсенова.

Журналистің «не үшін жазда өтетін Олимпиадаға қыстың бас киімі тігілген» деген сауалына Дүйсенова:

«Жөнді форма. Оданда жақсы нәтиже күтейік», - деп жауап қатты.

Еске салайық, Парижде өтетін Олимпиадаға қатысатын спортшыларға арналған форма ұзақ уақыт таңдалды. Алғашқы дизайны жарамсыз болып қалды. «Салтанатты олимпиадалық форманы» (салтанатты костюм, салтанатты-спорттық костюм) еліміздегі «Эксклюзив студио» ЖШС, ал «спорттық олимпиадалық форманы» (спорттық костюм) Health&Sport ЖШС испан маркасы дайындады.

Фото: Ақорда