Астанада жалдамалы жұмыскер ұрлық жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 223 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген

Фото: istockphoto.com

«Сарыарқа» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 44 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

«Тергеу барысында жәбірленуші үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ер адамды жалдағаны белігілі болды. Біраз уақыт жұмыс істеп жүрген қаскүнем үй иелерінің сеніміне кіріп, олар жоқта жатын бөлмеден қолма-қол ақша мен алтын сырғаны жымқырып кеткен. Осылайша 223 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Ұрланған алтынды ломбардқа өткізген», - делінген хабарламада

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ұсынады.