Қарағандыдағы тастанды бала: бүлдіршіннің анасына қатысты қылмыстық іс тоқтады

Автор: Azattyq Rýhy

Анасы баланы қайтаруды сұрайды

Фото: Polisia.kz

Биыл ақпан айында Қарағандыдағы жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқанын хабарлаған еді. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман алып қалып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Нәтижесінде іс тоқтап, тараптар татуласқан болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Патриотқа сілтеме жасап.

ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігі бойынша («Кішкентай баланы өздігінен қорғануға қабілетсіз күйде қауіпті жағдайда қалдыру») қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Тергеудің тоқтатылу себебі – тараптардың татуласуы (ҚПК-нің 35-бабына сәйкес). Дегенмен, тараптардың кіммен татуласқаны түсініксіз.

Қазіргі уақытта бала Қарағандыдағы «Шапағат» балалар үйінде тұрады. Нәресте перзентханада емес, үйде туылғандықтан, оның туу туралы куәлігі жоқ. Балаға есім беріліп, туу туралы куәлік беріледі және оға жетім мәртебесі берілуі мүмкін.

Белгілі болғандай, анасы баланы қайтаруды сұрайды – ол өз ісіне өкініп, енді баланы жалғыз қалдырмайтынын айтқан.