WSJ: Трампқа жасалған қастандық – АҚШ құпия қызметінің ең үлкен сәтсіздігі

Автор: Azattyq Rýhy

Трампты жауып қорғаған оққағар қыз Ресейде оқыған 

Фото: ANNA MONEYMAKER

Трампқа жасалған қастандық – АҚШ құпия қызметінің 40 жылдағы ең үлкен сәтсіздігі. The Wall Street Journal президент Рейганға жасалған қастандықтан бергі сәтсіздік осы оқиға екенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1981 жылы наурызда Рональд Рейганды Джон Хинкли атқан. Артынша, оның есі дұрыс емес екені расталды. Хинкли атқан оқ президент Рейганның жүрегінен бір жарым сантиметр қашықтықта өтіп, өкпеге жабысып қалған. Оны операция жасап, алып тастау мүмкін болды.

Сонымен қатар, Трампты жауып қорғаған оққағар қыз Ресейде оқығаны белгілі болды.

Бұл туралы @radiokp эфирінде айтылды. АҚШ экс-президентінің қорғау қызметінде бірнеше славян оққағары бар екені белгілі болды. Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Евгений Жирихов, суреттегі қызды «шәкіртім» деп атады. Ряжск қаласында оқыған каратэден спорт шебері екенін айтты.

Еске салайық, АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп Пенсильваниядағы сайлауалды науқанында сөз сөйлеген кезде оған қастандық жасалды