Видеоға түрлі пікірлер жазылған
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова «Серпер» домбырашылар тобымен бірге Құрманғазының «Балбырауын» күйін шертіп, жұрт назарын аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Серпер» ансамблі домбыраның күмбірлеген үнін керемет шеберлікпен орындап, қазақтың ұлттық музыкасының байлығын көрсетті. Мөлдір Мұқанова ерекше атмосфера қалыптастырды. Олардың бірлескен өнері әр тыңдарманның жүрегіне жол тауып, ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге зор үлес қосады», - деп жазған «Бек» продакшн.
Алайда оқырмандар бұл видео Бауыржан Момышұлына жасалған келемежден кейінгі жуып-шаю деп жазған.
«Бауырждан атамызды қорлағаның үшін Зейнеп ападан, атаның әруағынан, қазақ елінен қашан кешірім сұрайсың? Көзәйнектегі жігіттің орынсыз айқайы сәтсіз шыққан дүние. Бұл орындау тек Мөлдірдің Бауыржан Момышұлы туралы мәселелерінен соң , беделін бір көтеріп қоюдың жолы ғана екені көрініп тұр. Жалпы өтпеді. Мөлдірдің арқасы бар екен», - деп жазды олар.