Жемқорлық: жыл басынан бері 212 адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам бизнес өкілінен жүйелі негізде пара алған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Жыл басынан бері жүйелі жемқорлықтың 49 фактісі анықталды, 212 адам әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мәселен, Агенттік ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы және Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады. Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам бизнес өкілінен жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деп хабарлады Антикор.

Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеті тоқтатылды.