Облыста қауіпті індет жұқтырғандар саны 44-ке жетті
29 сәуір 12:50-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 16 адам тіркелді. Оның ішінде Алматы облысында - 1, Алматы қаласында - 3, Шымкент қаласында - 2, Маңғыстау облысында - 10. Бұл туралы coronavirus2020.kz порталы хабарлады.
Соңғы мәлімет бойынша, республика бойынша КВИ жұқтырғандардың жалпы саны 3079-ға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 612
- Алматы қаласы – 927
- Шымкент қаласы – 184
- Ақмола облысы – 98
- Ақтөбе облысы – 65
- Алматы облысы – 114
- Атырау облысы – 131
- Шығыс Қазақстан облысы – 17
- Жамбыл облысы – 113
- Батыс Қазақстан облысы – 127
- Қарағанды облысы – 139
- Қостанай облысы – 45
- Қызылорда облысы – 187
- Маңғыстау облысы – 44
- Павлодар облысы – 122
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Түркістан облысы – 124.
Бүгінге дейін Қазақстанда КВИ жұқтырған 774 науқас дертінен айықты, ал қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны – 25.