Барлығы 50 емделуші бейінді бөлімге ауыстырылды
Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 7 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Жансақтау бөлімінен тұрақты палатаға ауысқан науқастар ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында ‒ 1 адам,
Алматы қаласында ‒ 2 адам,
Қызылорда облысында ‒ 2 адам,
Батыс Қазақстан облысында ‒ 1 адам,
Атырау облысында 1 адам бар.
Қазіргі таңда елімізде барлығы 50 емделуші реанимациядан бейінді бөлімге ауыстырылды.