Үндістанда нөсер жауын салдарынан 22 адам көз жұмды

Автор: Аягөз Құрмаш

600-ден астамға адамға зардап тиді

Фото: istockphoto.com

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында соңғы тәулікте жаңбырға байланысты оқиғалардан кем дегенде 22 адам көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, үздіксіз жаңбыр өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне және штаттың 12 округіндегі 600-ден астам ауылдың су астында қалуына әкелді.

Су тасқыны мың гектардан астам ауылшаруашылық жерін шайып, 800 мыңға жуық адамға зардабын тигізді.

Төтенше көмек көрсету топтары мен құтқарушылар 10 мыңнан астам адамды қауіпсіз орындарға ауыстырды.

Елдің солтүстік-шығысындағы Ассам штатындағы су тасқынынан басқа, муссондық жаңбыр Үндістанның көптеген штататында батпақты көбейтіп, су тасқынын тудырды.