Ақтауда екі ер адам 80 келіге жуық марихуана сақтаған

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: polisia.kz

Ақтауда полицейлер 79 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Арнайы операция барысында тәртіп сақшылары екі ер адамды анықтап, ұстады. Олардың көлігін тінту барысында, салмағы 79 келі 138 грамнан асатын марихуана салынған 27 полиэтилен пакеті және есірткі заты тәркіленді.

Сондай-ақ салмағы 59 грамм гашиш табылды.  Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу қорытындысы бойынша күдікті сотқа жеткізілді.