Қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасына қандай форма киеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бекітілген форманы Ақорда көрсетті

Фото: Ақорда

Парижде өтетін Олимпиадаға қатысатын спортшыларға арналған форма ұзақ уақыт таңдалды. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновке Қазақстан туын табыс етті. Ұлттық құрама мүшелері бекітілген формада келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Форма Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатына киюге арналған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім формасының алғашқы дизайны жарамсыз болып қалды