Айтуынша, жолаушыларды толық қамтамасыз ету үшін 3000 вагон керек
Марат Қарабаев былтыр желтоқсан айында Петропавлға пойызбен сапарлаған. Басшылардың да теміржол көлігімен жүретінін еске салған ол пойыз билеттерінің тапшылығы неден туындап жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚТЖ-ның құрамында 2500 вагон бар, бізге 3000 вагон қажет, соңғы жылдары 600 ескі вагон істен шықты. Жаңадан алған вагондар небәрі 300 дана, билеттің тапшылығын осыдан туындап отыр. Мәселені шешу үшін былтырдан бастап жаңа вагондар ала бастадық. Былтыр 113 вагон алдық, биыл 140 вагон аламыз, келесі жылы 260 вагон аламыз. Жалпы біздің жоспар бойынша, 5 жылда 1200-ге жуық вагон әкелу. Содан кейін билет тапшылығы мәселесі шешіледі», - деді министр.