Елімізде Ұлттық кітап күні пайда болады

Автор: Аягөз Құрмаш

Мереке 23 сәуірге белгіленді

Фото: istockphoto.com

Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылаудан өтті.

23 сәуір Ұлттық кітап күні аталып өтеді.

Бұл жаңа мерекелік күн Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты пайда болды. Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Тегтер: