Астананың бір бөлігі ішінара сусыз қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қолайсыздықтың себебі ауа райының жайсыздығымен байланысты

Фото: depositphotos.com

Астананың бір бөлігінде бірнеше үй сусыз қалды. «Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, қолайсыздық электр желісіндегі ақаудан туындаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның хабарлауынша, бүгін сағат 18.45 кезінде су сорып, сүзетін стансада электр қуатының мөлшері күрт артқан. Салдарынан «Kegok» АҚ-ға тиесілі 200 вольттік желі тоқтан ажыратылған. Салдарынан су сорып, сүзетін стансада кернеу төмендеп, қаланың бір бөлігі ішінара сусыз қалған. 

«Қолайсыздықтың себебі ауа райының жайсыздығымен байланысты. «Астана-РЭК» АҚ-да авариялық іркіліс жоқ. Электр қуатының кенеттен шектен тыс берілуіне байланысты бірқатар үйде су болмады. Қазір бүкіл қажетті жұмыстар істеліп жатыр. Нысан 30 минуттың ішінде іске қосылады. Осыдан кейін сумен жабдықтау қалпына келеді», - делінген хабарламада.