28 сәуір күнгі статистика
Бүгінгі күні әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 3 065 156 адамға жетті.
Worldometers.info сайтында келтірілген деректерге сүйенсек, 922 862 адам ауруынан жазылып шықты. Ал 211 631 адам қауіпті індет құрбанына айналды.
Әлемде ең көп науқастар тіркелген ел әлі де АҚШ болып отыр. Бұл елде 1 010 507 адам ауру жұқтырса, індет басталғалы 56 803 адам бақилық болды. 139 162 науқас ауруынан жазылып шықты.
Испанияда 229 422 адам коронавирус жұқтырған. Бұл елде бір тәулікте 2793 адам COVID-19 жұқтырған. Індет басталғалы 23 521науқас көз жұмған Испанияда 120 832 адам қауіпті вирусты жеңіп, жазылып шықты.
Италияда ауру жұқтырғандар саны 199 414 адамға жетті. Бұл елде бір тәулікте 1739 адам COVID-19 жұқтырған. Індет басталғалы 26 977 адамынан айрылған бұл елде 64 928 пациент қауіпті дерттен сауығып шықты.
Францияда 165 842 адам ауру жұқтырған. Бір тәулікте 1739 адам COVID-19 жұқтырған. Бұл елде COVID-19 індетінен 23 293 адам бақилық болды. 64 928 адам дертінен сауықты.
Германияда 158 434 адам қауіпті індетке шалдықты. 6061 адам қайтыс болды. 114 500 пациент ауруынан сауықты.
Ұлыбританияда жалпы саны 157 149 адам індет жұқтырған. Бұл елде коронавирустан көз жұмғандар саны 21 092 адамға жетті.
Түркияда 112 261 адам ауру жұқтырса, қайтыс болғандар саны 2900 адамға жетті.
Иранда да 91 472 адам ауру жұқтырған. 5806 өлім жағдайы тіркелді. 70 933 адам ауруынан сауығып шықты.
Ресейде қауіпті індет жұқтырғандар саны 87 147 адам болды. Барлығы 794 пациент көз жұмды. 7346 адам сауығып шықты.
Қытайда COVID-19 індетімен ауырғандар саны 82 830 адамға жетті, оның ішінде 77 474 адам ауруынан сауығып шықты. Жалпы елде 4633 өлім жағдайы тіркелген.
Қазақстанда бүгінгі күні 2950 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Қауіпті індеттен 25 адам көз жұмды. 725 адам ауруынан жазылып шықты.
Өзбекстанда 1904 адам қауіпті инфекция жұқтырды, 892 адам жазылып шықты. Барлығы 8 адам коронавирустан көз жұмды.
Қырғызстанда 695 адам індетке шалдықты, 8 адам бақилық болды, 395 науқас емделіп шықты.