Он бір педофилге химиялық кастрация жазасын орындау үшін тендер жарияланған

Автор: Azattyq Rýhy

Жаза тағайындалғанның бәрі кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасаған  

Фото: aerc.org.kz

11 педофил Қостанай облысы сотының шешімі бойынша химиялық кастрация жазасын алды. Үкім осы жылы күшіне енеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tobolinfo-ға сілтеме жасап.

«Бір адамға бұл үшін бюджеттен 130-135 мың теңге бөлінеді. Бұл сома дәрігер қабылдауына, тексеруіне және жылына 24 инъекция алуына жұмсалады», - деп хабарлайды Tobolinfo.

Жітіқара аудандық ауруханасы мен Арқалық өңірлік емханасы химиялық кастрацияға Мемлекеттік сатып алуда тендерді жеңіп алды.

Еске салайық, сексуалдық қылмыс көбейгендіктен, Қазақстан сотында сексологиялық сараптама пайда болды.