БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Димаш Құдайбергенмен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Димаштың шығармашылығын бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам естиді деді Бас хатшы

Фото: instagram.com/uninkazakhstan/

Бүгін БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш әнші, Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ryhy Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас хатшы Димаштың шығармашылығын бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам еститінін, оның дауысы адам құқықтарын қорғауға қабілетті екенін атап өтті.

ХКҰ-ның ізгі ниет елшілері бағдарламасының мақсаты – белгілі және құрметті мәдениет, өнер және спорт қайраткерлерін тарту және көші-қонға қатысты мәселелерді қамту.