Қазақстан жазушылары үшін жүлде қоры 35 млн теңгенің байқауы жарияланды

Azattyq Rýhy

Құжаттар 2024 жылғы 1 мамырдан 1 қыркүйекке дейін қабылданады

Қазақстан жазушылары үшін жүлде қоры 35 млн теңгенің байқауы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына арналған шығармалар қабылданып жатыр. Сыйлықтың жүлде қоры - 35 миллион теңге, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, «Айбоз» байқауы - отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі құрған ұлттық әдеби сыйлық.

Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.

«Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн. теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.
Өтінім 2024 жылғы 1 мамырдан 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады», - деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.