Респонденттердің 77 пайызы Тоқаевтың реформаларына сенеді – сауалнама

Azattyq Rýhy

Президентке сенім артатындардың көпшілігі – жастар

Респонденттердің 77 пайызы Тоқаевтың реформаларына сенеді – сауалнама
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 11 мамыр мен 22 маусым аралығында халық арасында сауалнама жүргізді. Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент сияқты республикалық маңызы бар қалалардан 18 жастан асқан 8000 респондент қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне респонденттердің 77,1 пайызы сенім білдіретіні белгілі болды.

  • Президентке сенім артатындардың көпшілігі – жастар (81,9%).
  • Респонденттердің білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, олардың Мемлекет басшысына деген сенімі де жоғары.
  • Мемлекет басшысына сенім деңгейі ауыл тұрғындары (79,6%) және қала тұрғындары (75,4%), әйелдер (79%) және ерлер (74,9%) арасында шамамен бірдей екенін атап өткен жөн.
  • Білім, өнеркәсіп, қызмет көрсету, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында қызмет ететіндер Президентке көбірек сенім артады.

Әлемде саяси институттарға деген сенімнің төмендеуі сияқты жалпы үрдіс байқалады. Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропадағы геосаяси өзгерістер, пандемия, инфляция салдарынан өмір сүру құнының өсуі және көптеген елдерді шарпыған экономикалық дағдарыс саяси институттарға деген сенімнің төмендеуінің себептерін түсіндіреді.

Бұл тұрғыда Қазақстан көптеген елдермен салыстырғанда жақсы жағынан ерекшеленеді. Мемлекеттің кезең-кезеңімен саяси жаңғыруы, көппартиялық жүйені дамытуға бағытталған заңдар, жергілікті және аудан әкімдерін сайлау, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» формуласын жүзеге асыру – осының барлығы Президенттің Әділетті Қазақстан тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асырудың көрінісі.

Әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық және әділ қоғам құруға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалары, сайып келгенде, Президенттің қоғамдағы жоғары рейтингіне негіз болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.