Оның 28-і Алматы қаласында тіркелді
27 сәуір сағат 18:05-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді. Оның ішінде:
- Алматы қаласында - 28,
- Нұр-Сұлтан қаласында - 8,
- Жамбыл облысында - 1,
- Түркістан облысында - 4,
- Алматы облысында - 3.
Осылайша, Қазақстанда қауіпті індет жұқтырғандардың жалпы саны 2835 адамға жетті.