Тоқаев: 42 500 теңге келесі айда да беріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Ол үшін қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ

Фотоколлаж

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылатынын хабарлады. Сондай-ақ келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде көмек берілетінін жеткізді.

«Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды. Бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі керек. Бірақ барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізіп тұру қажет. Күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн», - дейді Президент.

42 500 теңге көмек келесі айда тағы берілетінін және мұқтаж отбасылар азық-түлік алуын жалғастыратынын айтты.

«Кәсіпорын басшыларына және жергілікті атқару органдарына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бұл орайда барлық деңгейдегі әкімдіктердің рөлі айтарлықтай артады. Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады. Мұқтаж отбасылар азық-түлік ала береді. Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес», - деді ол.

Мемлекет басшысының мәлімдемесінің толық нұсқасын оқу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.