Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды
Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті коронавирусқа байланысты мәлімдемесінде айтты.
«Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады», - деді ол.
1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды.
«Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды. Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет», - деді ол мәлімдемесінде.
Мемлекет басшысының мәлімдемесінің толық нұсқасын оқу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.