Атырауда Covid-19 індетін жұқтырғандар саны 119-ға жетті
Теңіз кенішінде короновирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.
Қауіпті індет 1987 жылы туған ер адамнан табылды. Ол бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған. Қазіргі уақытта байланыста болғандар анықталып, оқшауланған. Инфекция ошақтары дезинфекцияланып жатыр.
Осылайша, Атырау облысында короновирус инфекциясын жұқтырғандар саны 119-ға жетті. Дерттен айыққандар саны - 47.