Билеп, құлаған: Алматыда бойжеткен жетінші қабаттан секіріп кетті (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жетінші қабаттағы терезеден шығып, би билеп, содан кейін төменге құлаған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдай 26 маусым күні таңертең «Теремки» ТК-де болды. Куәгерлер қыздың жетінші қабаттағы терезеден шығып, би билеп, аяғын сермеп, төмен түсіп бара жатқанын видеоға түсіріп алған.

Полицияға оның өзін-өзі өлтіргені туралы хабарланды.

«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы ПД.