Ертең елордада дәстүрлі жәрмеңке басталады

Автор: Azattyq Rýhy

Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының өнімі ұсынылады

Фото: gov.kz

Астанада қала мен ел өңірлері тауар өндірушілерінің қатысуымен демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жәрмеңке елорданың Сарыарқа ауданындағы Б.Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан. Оған ертең Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының жеке кәсіпкерлері қатысады.

Тауар өндірушілер өнімдердің кең ассортиментін (көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері және т.б.) ұсынады.

Дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.