Орануға тыйым салынбайды – депутат

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда әрбір діни-наным сенімге толығымен еркіндік берілген

Фото: freepik.com

«Қазақстанда әрбір діни-наным сенімге толығымен еркіндік берілген. Орануға тыйым салатын заң жобасы Мәжілісте қаралып жатқан жоқ». Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осылай деді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс кулуарында журналистер сауалына жауап берген ол қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбайтынын айтты.

«Жалпы Қазақстанда әрбір діни-наным сенімге толығымен еркіндік берілген. Ермұрат Сейтқазыұлының ол жеке пікірі ғой. Хиджаб, никабқа қатысты мәселе бізді қарастырылып жатқан жоқ. Одан да басқа маңызды мәселе бар ғой», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Еске салайық, бұған дейін депутат Ермұрат Бәпи Парламент күзде дінге және басқа ағымдарға қатысты мәселені қолға алатын заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр деген еді. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда пәрәнжі киюге тыйым салынады деген пікірін білдірген.