25 сәуір 17:45-тегі эпидемиологиялық жағдай
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 39 адам тіркелді, оның ішінде
Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Алматы қаласында - 21, Ақмола облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, Павлодар облысында - 1, Атырау облысында - 4, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 464 адам, Алматы қаласында – 814, Шымкент қаласында – 161, Ақмола облысында – 89, Ақтөбе облысында – 55, Алматы облысында – 86, Атырау облысында – 108, Шығыс Қазақстан облысында – 16, Жамбыл облысында – 103, Батыс Қазақстан облысында – 103, Қарағанды облысында – 113, Қостанай облысында – 39, Қызылорда облысында – 170, Маңғыстау облысында – 26, Павлодар облысында – 89, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 98, жалпы 2564 науқас тіркелді», - деп жазылған хабарламада.