40 жастағы ер адам бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Әуезов аудандық полиция басқармасының мәліметінше, аталған алаяқтық фактісі бойынша арызбен ресми түрде 10 адам жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жәбірленушілердің айтуынша, ер адам мемлекеттік бағдарлама бойынша өте тиімді шарттармен, міндетті алдын ала төлеммен пәтер алуды ұсынған. Оған ақша аударылғаннан кейін ер адам байланысқа шығуын тоқтатқан. Жедел шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды», - деді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлан Әбілқайыр.
Қазіргі уақытта қаланың басқа аудандарында да осындай алаяқтық деректерін анықтау бойынша жұмыстар атқарылуда. Тергеу шаралары жүргізілуде.