Тәртіп сақшылары күдіктіні бейнебақылау камералары арқылы анықтаған
Шымкенттік полицейлерге қала тұрғыны алтын жүзігінің ұрланғаны бойынша арызданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайт қала тұрғынының арызы бойынша анықталған. Тұрғын өз арызында Шымкент қаласы Төле би көшесі «Алтын павильон» ішінде , белгісіз азаматша құны 120 мың теңге тұратын алтын жүзігінің ұрланғанын айтты.
Тәртіп сақшылары күдіктіні бейнебақылау камералары арқылы анықтап, қамауға алды.