Құжаты жоқ африкалықтар Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген

Автор: Azattyq Rýhy

Барлығы 40 шетелдік ұсталды

Фото: polisia.kz

Алматы қаласы көші-қон қызметінің мәліметіне сәйкес, Африка елдерінің азаматтары қаланың түрлі нысандарында заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қаланың орталық бөлігінде жергілікті рейд жүргізілді. Барлығы 40 шетелдік ұсталды, оның көпшілігінде жеке басын растайтын құжаттары жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар — көршілес мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ Африка құрлығындағы елдердің азаматтары. Ұсталғандардың жеке басы толық анықталғанша олар қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Оларға қатысты Қазақстан көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы материалдар жиналады», - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.