Сарайшық көшесі уақытша жабылды
2GIS және «Яндекс» картографиялық сервистерінің деректері бойынша Астанада 6-7 балдық кептеліс байқалады. Шақырымдарға созылған кептелістер негізінен сол жағалауда тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық көлік және жол көлігі инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарайшық көшесінің уақытша жабылғанын хабарлады.
«13 маусым сағат 21:00-ден бастап 17 маусым сағат 06:00-ге дейін Сарайшық көшесі бойынша Б. Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде жол қозғалысын толықтай жабу арқылы жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды», - делінген хабарламада.
Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.