1 жыл бұрын әншінің атасы қайтыс болған
Әнші Димаш Құдайберген атасының қайтыс болғанына жыл толғанда әсерлі суретпен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Instagram парақшасында бала кезінде атасы Құдайберген Айтбаевпен түскен фотосуретін жариялады.
«Мәңгі жүректесің, папа...», – деп жазды әнші.
2023 жылғы 13 маусымда 82 жастағы Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болды.
Ол 1941 жылы 25 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген. Димаш Құдайберген – үлкен немересі, ескі қазақ дәстүрі бойынша ол атасы мен әжесі Миуа Низамутдинова мен Құдайберген Айтбаевтың қолында тәрбиеленген.