«Құрбан айт қарсаңында қашты»: Астана көшелерінде жүгіріп жүрген екі қой көзге түсті (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Видео әлеуметтік желіде тарап кетті

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Астана көшелерінде жүгіріп жүрген екі қойдың видеосы тарады. Қолданушылар «Құрбан айт қарсаңында олар қашып кетпекші» деп жазуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Пышаққа ілінуден қашуда», «Қаш, қаш», «Қойдың өзі жаяу жүргінші жолымен өтеді», «Құрбан айт қарсаңында қашып кетпек», - сынды пікірлерін жазған.

Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл онлайн құрбан шалуға мүмкіндік беретін арнайы сайтты іске қосты. Қой бағасы 75 мың теңге деп белгіленді. 

Видео: https://web.telegram.org/k/#@astanovka98

 

Тегтер: