13 маусым – қазақтың ұлы Денис Теннің туған күні

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін спорт шебері 31 жасқа толар еді

Фото: Александр Вильф

31 жыл бұрын (1993-2018) қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада жүлдегері Денис Тен дүниеге келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан туын, тілін, мәдениетін, дәстүрін әлемге паш еткен Денис Теннің рухына мәңгілік тағзым! Осы ретте, Azattyq Rýhy тілшісі спортшының жетістіктерін оқырман үшін тағы бір еске сала кетуді жөн көрді:

Денис – Корей империясы кезінде даңқты қолбасшы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы.

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бес мәрте чемпионы, Олимпиада-2014 қола жүлдесінің иегері, әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы, халықаралық конькимен сырғанаушылар рейтингінде 9-орындағы спортшы.

Денис 12 жасында, 2006 жылы, Қазақстанның чемпионы атанды. 13 жасында Голландияда гран-при алған жасөспірімдер арасындағы үздік ондық қатарына кірді. Бұл – ол қатысқан ең алғашқы халықаралық жарыс. 2018 жылға дейін ол – Қазақстанға олимпиада ойындары, әлем чемпионаты, қысқы Азия ойындары және гран-при кезеңінен медаль алып келген алғашқы және жалғыз спортшы. Сондай-ақ, Денис Тен – әлемде бильман атты элементті жасай алатын санаулы спортшының бірі.

2010 жылы Олимпиада ойындарында 11-орын иеленді.

2011 жылы ақпанда Алматыдағы Азиадада Денис алтын жүлдені қанжығасына байлады. Сол жылы Франциядағы әлем чемпионатында Тен жетінші орынды иеленді.

2013 жылы Денис Канададағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

2013 жылы Канаданың Лондон қаласында өткен әлем чемпионаты қазақ спорты тарихына алтын әріппен жазылды. Өйткені, Денис Тен ел тарихында алғаш рет әлем чемпионатының күміс жүлдесін алып берді

2014 жылы өткен Сочи Олимпиадасында 3-орын иеленді.

2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2015 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы, VII Қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU қамқорлығымен түрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы.

2017 жылы Алматыда өткен Универсиадада Денис өзінің деңгейін тағы бір көрсетіп, алтын жүлдеге ие болды. Гран-При кезеңдерінің бірінде күміс медаль алды.

2013 жылдан бастап спортшы «Денис Тен және оның достары» атты мұз айдындағы шоуға продюсерлік етті. 2014 жылы Денис Теннің шоуы үшін Жапониядан 500 турист келген болатын.