Мәжілісменнің айтуынша, орманшылардың жалақысы төмен, әлеуметтік пакеттері әлсіз
Парламент Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының депутаты Павел Казанцев премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында үкіметтің дала және орман өртінің алдын алуға бағытталған шаралары жеткіліксіз, президент берген тапсырмалар әлі толық орындалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтуынша, AMANAT партиясы фракциясының бір топ депутаты мен партиялық бақылау комитеті елдің өрт қаупі бар кезеңге дайындығын зерделеген. Оның қорытындысы бойынша өңірлер дала және орман өртінің алдын алуға дайын емес болып шықты.
«Мемлекет басшысының 2023 жылғы маусымда Абай облысындағы өрттен кейін берген тапсырмалары қазіргі таңда толық орындалған жоқ. Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің дала және орман өртін болдырмау және жою бойынша қабылдаған шаралары тіпті жеткіліксіз. Көптеген өңірде елді мекендердің айналасындағы тез тұтанғыш қоқыс пен материалдар уақытында және сапалы жиналмайды, судың қажетті қоры жоқ, жабдықталған мұнаралар, авиа және мототехника жетіспейді. Небәрі 254 орман өрт сөндіру станциясы бар, оның өзі өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған. Ал норма бойынша 729 болуы керек. Өрт-техникалық құрылыстарды жаңғырту және жөндеу жұмыстары өте баяу жүріп жатыр», - деді Казанцев.
Сонымен қатар, орман және табиғат қорғау мекемелерінде өртке қарсы ресурстардың толық және объективті есебі жүргізілмеген. Көбі тек қағазда ғана бар, ал іс жүзінде атымен жоқ немесе пайдалануға жарамсыз. Мәселен, орман өрт сөндіру станцияларындағы 1145 техниканың жартысынан астамы есептен шығарылуға жатады.
Мемлекеттік аудит барысында біраз жабдықтың пайдалану мерзімі өтіп кеткені анықталған. Осылайша табиғат қорғау және орман мекемелерінің өрт-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейі шынайы жағдайды көрсетпейді, деп атап өтті Казанцев.
«Орман шаруашылықтарының жеке құрамы толық жабдықталмаған, жалақы төмен, әлеуметтік пакеттері әлсіз, көп жағдайда қажетті біліктілік пен құзыреттерге ие емес. Өртті болжау мен алдын алуда да проблемалар бар. Бүгінде орман өртін ерте анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен мемлекеттік орман қорының небәрі 2 пайызы ғана қамтылған. Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен дрондардың аздығы да орман алқаптарын әуеден бақылауға мүмкіндік бермей отыр. Мысалы, қайғылы оқиға болған «Семей орманы» табиғи резерватында әлі күнге дейін бірде бір ұшқышсыз ұшатын аппарат жоқ», - дейді мәжіліс депутаты.
Осыған байланысты AMANAT партиясы фракциясының депутаттары үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады: