Өзбекстан халқы Құрбан айт мерекесінде 4 күн демалады

Автор: Azattyq Rýhy

18 маусым қосымша демалыс күні болып жарияланды

Фото: istockphoto.com

Өзбекстан халқы Құрбан айт мерекесінде 4 күн қатарынан 15-18 маусым аралығында демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы «Құрбан айт мерекесін тойлау» туралы ел президентінің қаулысында айтылған.

Құжатта Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс дүйсенбі 17 маусымға ауыстырылатыны жазылған. Оған қоса, Өзбекстан президентінің 2024 жылы ресми даталарды мерекелеу кезіндегі қосымша демалыс күндерін белгілеу туралы 2023 жылы желтоқсанда қабылданған жарлығына сәйкес, 18 маусым қосымша демалыс күні болып есептеледі.

Өткен жылы ел халқы бұл мерекеде 5 күн қатарынан демалған.