Шомылу маусымы басталғалы соңғы он күнде 8 азамат суға кетті

Автор: Azattyq Rýhy

13 адам құтқарылды

Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары шомылу маусымы басталғалы бері 13 адамды ажалдан аман алып қалды. Алайда соңғы 10 күнде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 8 азамат суға кеткен. Соның ішінде кәмелет жасына толмаған 4 бала болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді және өзен мен көлде сағат сайын рейд жүргізуді тапсырды.

Бүгін Астанада ведомство басшысы Есіл өзенінің жағалау бойын тексеріп, қаланың жедел құтқару жасағына бірқатар нақты тапсырмалар берді.