Кінәлі тұлға жалған құжат жасаған
Талдықорған қаласындағы емдеу мекемелерінің бірінің «Г» санатындағы (токсикологиялық, оның ішінде құрамында сынап бар қалдықтар) қауіпті қалдықтарын осы қызметке заңды негізі жоқ мердігер ұйым кәдеге жаратқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жетісу облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Прокурорлар жеке кәсіпкердің қалдықтардың осы түрін кәдеге жарату құқығын беретін жалған мемлекеттік лицензияны пайдаланғанын анықтады.
«Прокурорлар қозғаған қылмыстық іс бойынша кінәлі адам жалған құжат жасағаны және көрінеу жалған құжат пайдаланғаны үшін сот үкімімен сотталды (ҚР Қылмыстық кодекстің 385-бабының 1-бөлігі және 3-бөлігі). Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.