Алматыда тағы 20 адам қауіпті инфекция жұқтырды
23 сәуір сағат 17:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 44 адам тіркелді. Оның ішінде Қарағанды облысында - 1, Ақтөбе облысында - 9, Алматы қаласында - 20, Жамбыл облысында - 9, Алматы облысында - 3, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Қызылорда облысында – 1 адам бар.
Қазіргі таңда елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 2251 адамға жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 423
- Алматы қаласы – 756
- Шымкент қаласы – 133
- Ақмола облысы – 83
- Ақтөбе облысы – 43
- Алматы облысы – 68
- Атырау облысы – 82
- Шығыс Қазақстан облысы – 15
- Жамбыл облысы – 88
- Батыс Қазақстан облысы – 86
- Қарағанды облысы – 103
- Қостанай облысы – 36
- Қызылорда облысы – 159
- Маңғыстау облысы – 19
- Павлодар облысы – 50
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Түркістан облысы – 77.
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған 536 адам сауығып шықты. Сондай-ақ қауіпті індеттен 20 адам көз жұмды.