Қарағанды облысында ауыл тұрғынынан қару мен жеті жарылғыш пакеті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында ауыл тұрғынынан қару мен оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты ауылдың бірінде криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының нәтижесінде 54 жастағы ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған, тіркелмеген қарулар мен оқ-дәрілер тәркіленді.

«Тінту кезінде екі қару, газ револьвері, әртүрлі калибрлі 580 оқ-дәрі, жеті жарылғыш пакеті тәркіленді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен үш қағаз қорапқа оралған қою жасыл түсті зат табылды», - делінген ақпаратта.

Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті тергеліп жатыр.