Алматы әуежайының қызметкерлері 50-ден астам телефонды ұрлап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото: ҚР ІІМ

Көлік полицейлері 50-ден астам телефон ұрлығына қатысы бар күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы жылы 24 мамырда Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әуежайдың үш қызметкерінен құрылған топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

«Күдіктілер еліміздің өзге өңірлеріне сатылу керек болған пошта жөнелтілімінің тауарларын, атап айтқанда, телефондарды бірнеше рет ұрлады деген күдікпен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», - делінген хабарламада.